Тәртіп сақшыларына елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда үлкен міндеттер жүктеледі. Олардың барлық жұмысы елімізде құқықтық қылмыстарды болдырмау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталады. Азаматтардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіліп, халықтың тыныштығы сақталуы үшін тәртіп сақшылары күндіз-түні жүйелі жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзу, жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жиі ұйымдастырады. […]