Түркістан облысында полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және масаң күйде көлік басқарудың алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Төлеби ауданының полицейлері күнделікті патрульдік қызмет барысында күдік тудырған ВАЗ-2112 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде болғаны анықталды. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Жүргізушінің бұл әрекетіне байланысты полиция қызметкерлері қажетті құжаттарды рәсімдеп, жинақталған […]