Шымкентте қыркүйек айында мас күйдегі ер адамды өлтірді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Кінәлі деп танылған 20 жастағы жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, сотталушы да, жәбірленуші тарап та оқиға орнында кәмелет жасына толмаған 2 жасөспірімнің болғанын және олардың да жазалануын талап етіп отыр. Шымкентте масаң күйде болған ер адамды ұрып […]