«АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» қоғамдық жобасы аясында Шымкент қалалық ҚХА мүшелері мен мәслихат депутаттары Сайрам тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері қатысты. Іс-шара Мемлекет басшысының ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары – Қайрат Имашев, Мұратәлі […]