Бүгін, 17 наурызда сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы). Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың берген мәліметі бойынша Шымкент қалалық мәслихатындағы 16 орынға партиялық тізіммен 67 үміткер додаға түседі. […]