Мемлекет басшысы парламент палаталарының төрағалары және премьер-министрмен мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.»Мен қыркүйектегі жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс президент сайлауы өтті. […]