Тұран аудандық полиция басқармасының «102» арнасына тонаушының құрбаны болған әйел хабарласты. Шақырту алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды. Полицейлер жәбірленушімен сөйлесу барысында хабарландыру сайты арқылы ер адамның хабарласып, массажист қызметіне тапсырыс бергенін анықтады. Ол массаж бөлмесіне келіп, бірден әйелге шабуыл жасап, қорқытып, өзінің шотына 21 мың теңге көлемінде ақша аудартып, ізін суытқан. Аталған жайтты […]