«Мегаполистің орталығындағы өркениеттен жұрдай болған шағынаудан». Ынтымақ-2 шағынауданының тұрғындары өздерінің тұратын аумағын осылай атайды. Не жарық, не жол, не көшенің атауы жоқ. Қаңғыбас ит қаптап жүр. Жаңбыр жауса тұрғындар мен олардың көліктері лай-батпаққа батып шыға алмайды. Мәселені айтып қақпаған есігіміз қалмады деген тұрғындар телеарна көмегіне жүгінді. Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданының тұрғындары көшелерінде асфальт болмаған […]