Баланы мектепке жеткізетін көлік, жай ғана жол жүру құралы емес, ата-ананың аманатын арқалаған жауапты тасымал. Сондықтан мұнда бір ғана ереженің бұзылуының өзі бала өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осыған орай, оқушыларды тасымалдайтын автобустарға бақылау күшейтіліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріліп жатыр. Рейд барысында заң бұзған жүргізушілер де анықталған. Шымкент қаласында мектеп оқушыларын арнайы көлікпен тасымалдау ұйымдастырылмаған. […]