Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа миллион теңге берген. Полиция хабарлауынша, алаяқтық туралы арызбен 27 жастағы азаматша жүгінген. Айтуынша, аз ғана уақыт таныған әйел оған оқу орындарының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Алайда ол бұл қызметін 1 млн теңгеге бағалаған. «Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 36 жастағы […]