9 маусым күні таңғы уақытта Қаратау ауданындағы Тұран-1 ықшамауданында жасөспірімнің мәйіті табылды. Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусым күні кешкісін мал жайғауға шығып, қайта оралмаған. Таңертеңгі сағат 4:50-де оның денесі Жаңа тұрмыс көшесінен табылды. Ешқандай жарақат болмаған. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жасөспірім 15 жаста, №72-ші орта мектепте оқыған, инклюзивті білім алған. […]