Келесі аптаның басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. «12 желтоқсанда мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді», – делінген Ақорданың хабарламасында. Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.