Мемлекет қаржысына қол салды деп айыпталған Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының бұрынғы міндетін атқарушыға қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеунікке тағылған айып дәлелденіп, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Белгілі болғандай сотталушы бюджеттен 367 млн. теңгеден астам қаржы жымқырған. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтіп жатқан жиналыс үстінде тұтқындалған экс-шенеунік 9 жылға сотталды. […]