Елордада екі жыл бойы жалған шот-фактуралар жасап, мемлекетке 490 миллион теңгеден астам аса ірі көлемде зиян келтірген қылмыстық топ сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, көлеңкелі экономикада түрлі қылмыстар жасаған 7 күдікті ұсталған. Оны айыпталушы Хан Виталий басқарған. Ол өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында, осындай айлаға барған. Енді төленбеген салықтар камералдық бақылау және салық […]