Атырау қаласында өткен ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында өзінің сипаты жағынан рухани және тарихи тұрғыда астарлы сабақтастық тапқан басқосу ретінде ерекше әсер қалдырды. Бұл жиынның Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен және Ораза айымен орайлас келуі және оның Жайық жағасында өткені осы сабақтастықтың тамырын танытады. Ұлысымыздың, кейіннен қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болған […]