ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов баға тұрақтандыру құралдарын қайта форматтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты баяндады. «Айналым схемасы» тетігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерді бірінші кезекте қаржыландыруға бағытталған. Қазір жергілікті бюджеттерден «Айналым схемасына» 90,4 млрд теңге бөлінді, оның 57,7 млрд теңгесі берілді. Маусымаралық кезеңдердегі тұрақтандыру қорларының жұмысы тұрақты режимге ауыстырылды және бағаның маусымдық ауытқуын тегістеуге бағытталған. […]