Түркістан қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, күнделікті жұмыс атқаруда. Осындай кезекті жұмыс кезінде полицейлер, жол ережесін бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары С.Ерубаев көшесіндегі қалалық саябақтың жанында мемлекеттік нөмірінің орнына «бейәдеп сөз» орналастырған «Хундай» маркалы автокөлікті байқады. Содан тәртіп сақшылары оқиғаның […]