Жыл басынан бері сауда үстемесінің асып кетуіне байланысты 340-қа жуық шағым түскен. Көбіне-көп үйдің жанындағы дүкен иелері бағаны негізсіз көтерген. Бұл жайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өткен селекторлық кеңесте айтылды. Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2 апта ішінде барлық өңірде сауда желілерімен және супермаркеттермен жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар […]