25 қазан – Республика күніне орай Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері басқосып, «Менің елім – Қазақстан!» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. «Ассамблея жастары» ұйымы қалалық өкілдігінің жетекшісі Н.Мейірбековтың жетекшілігімен өткен жиында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары Қ.Анарбаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Достық» клубының жетекшісі Г.Сейдахметова, «Қазақстан […]