Шымкентте жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Жалпы, негізгі жолдар ғана емес, орамішілік шағын жолдар да жаңартылуда. Ғ. Іляев мен Желтоқсан көшелерінің тұйық тұсының тұрғындары жергілікті билік өкілдерінен мердігерлердің өз міндеттемелерін қалай орындап жатқанына назар аударуын сұрайды. Желтоқсан мен Ілияев көшелері өткеліндегі жолда тамыз айында бастауын алған орташа жөндеу жұмыстары осындағы коммерциялық нысандарының жұмысына ыңғайсыздық тудыруда. [hellip;]