Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары талқыланып, кибер қылмысқа қарсы күрес және тоқтап тұрған құрылыс нысандарына қатысты атқарылған жұмыстар пысықталды. Полиция департаментінің басшысы Н.Алмасбеков интернет-алаяқтық қылмыстардың жолын кесу мақсатындағы профилактикалық шараларды баяндады. Тиімділікті арттыру мақсатында «Киберпол» тобы құрылып, 48 қылмыстық топтың жолы […]