Түркістан облысында өңірдің ең үздік жанұясы анықталды. «Мерейлі отбасы» байқауы биыл сегізінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа қатысу үшін облыстың 17 өңірінен жүзден астам отбасы ниет білдірген. Ал оның тек 26-сы ғана жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. Жеңімпаз жанұя жарыстың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайды. Әжібаевтар әулеті – Түркістан облысы бойынша өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы […]