Енді шымкенттіктер «ХҚКО»қосымшасы арқылы емтихан кезегін брондаудың жаңа тәсілін пайдалана алады. Мәселен, азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады. Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, […]