Премьер-Министрдің орынбасары – Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша өңірлердің әкімдіктерімен кеңес өткізді. Өткен аптада ӘМАТ бағасының өсуі 0,6%-ды құрады. Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердің әкімдіктері Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністерді жеткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты толық жүргізбейтінін және бөлшек саудадағы үстеменің тиісті деңгейде болуын бақыламайтынын атап өтті. […]