Қазақстан дәстүрлі нарықтарға астық экспортын 5 млн тоннаға дейін қысқартады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша , биыл өткен жылмен салыстырғанда жиналатын астық көлемі аз. Сол себепті министрлік астық экспортын қысқартпақ. «Біз ішкі нарыққа әсер етпей, дәстүрлі нарықтарға экспортты азайтамыз. Келісімшарттар бар, осы маркетингтік жылдан бастап астық тиеу жұмыстары жүріп жатыр. Қарқын жаман емес. Биыл […]