«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері айтарлықтай азайды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Былтыр білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларының сақталмауы туралы 105 өтініш түссе, биыл 67 өтініш тіркелген. Мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша да әкімшілік істер азайды. Былтыр 56, биыл 25 әкімшілік іс қозғалды. […]