Түркістан қалалық полиция басқармасына Сауран ауданының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, өзіне жақын таныс емес біреу, жұбайын мектепке жұмысқа орналастыруға уәде еткен. Сенімге кірген әйел, жәбірленушіден жарты миллион теңгеден астам ақша алған. Алайда қаражатты алғаннан кейін, алаяқ уәдесін орындамаған. Ал алданған ауыл тұрғыны полицияға хабарласып, барлық жағдайды анықтау үшін көмек сұрады. Аталған жайтты полицейлер ҚР […]