Шымкент қаласында 50 мекеме мүгедектігі бар азаматтарды квота бойынша жұмысқа қабылдайды. Жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі 227 азаматты жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі таңда 75 адам екі қолға бір күрек тауып үлгерген. Меруерт Тайтелиева қараша айының басында қаладағы №5 емханаға жұмысқа орналасқан. Ол медициналық мекемеде өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. 2019 жылдан бері жұмыссыз болған 33 […]