Бүгінде БАҚ және әлеуметтік желілерде Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тасымалдау қызметін көрсету бойынша қиындықтар туындағаны туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттар тарап жатыр. Осыған байланысты Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы нақты мәліметтерді келтіре отырып, мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Басқарманың дерегі бойынша, Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау әлеуметтік және инватакси қызметі болып екіге бөлінеді. […]