Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Айтуынша, танысы «мүгедектікке шығарып беремін» деп сеніміне кіріп, 600 000 теңге ақшасын алып кеткен. Арадан 1 жылға жуық уақыт өтсе де уәдесін орындамаған, не ақшасын қайтармаған. Дәл осындай арызбен полицияға бірнеше әйел шағым түсіріп, алданғандарын айтқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша […]