Париж Олимпиадасында бокстан ерлер арасында 63,5 келі салмақта алғашқы жекпе-жектер өтті. Ұлттық құрама өкілі, Түркістан облысының спортшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші айналымда испан былғары қолғап шебері Ойер Ибареччені жеңді. Қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырмады. Енді отандасымыз 1/8 кезеңде Тайпей боксшысымен күш сынасады. Айта кетейік, Париж Олимпиадасына Түркістан облысынан 5 спортшы қатысып жатыр.