Түркістан облысы Кентау қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар ай сайын төленетін жәрдемақының көлемі аз екенін айтып шағымдануда. 36 мың мен 70 мың теңге аралығында алатын ақы тіпті дәрі-дәрмекке де жетпейтін көрінеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектелген жандарға берілетін құрал-жабдық пен қоларбалар да сапасыз дейді. Кентау қаласының тұрғыны Зухра Нұрмұхамедова он жылдан бері екі аяғы сал қайын атасына […]