Шымкентте «Болашақ» техникалық колледжінің басшылығы жазаланды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәліметінше, аталған оқу орнында мүмкіндігі шектеулі студенттердің құқықтары тапталған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкіліне колледждің инклюзивті тобындағы студенттердің ата-аналары хабарласқан. Арызданушылар білім ошағында ерекше қажеттіліктері бар студенттерге сабақтың сурдоаудармашысыз жүргізілетініне шағымданған. Өкіл колледжге барып, сурдоаудармашы екі ай бұрын жұмыстан босатылғанын, осы уақыт […]