Нарықта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Бұл туралы Сенат қабырғасында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Осыған дейін Украинадан тасымалданып келген 10-ға жуық препарат енді басқа елдерден жеткізіледі. Оған қатысты келісім шарттар өткен жылы рәсімделіп қойған. Биылға қажетті дәрі-дәрмектің 90 пайызы қазірдің өзінде қоймаларға жеткізілген. Министр парацетомолға да тоқтала кетті. Айтуынша, қазір елде аталған дәрінің 500 мыңнан астам қорабы […]