Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығының алаңында 22 наурыз күні сағат 12:00-19:00 аралығында «GASTRO FEST TURKISTAN-2023» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль өтеді. Аталған іс-шараны Түркістан облыстық Туризм басқармасының «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы өткізеді. Шарада қаланың 20-дан астам үздік мейрамханасы мен дәмханалары ұлттық тағамдар, жергілікті деликатестер мен стрит-фуд дәмділерін ұсынады. Фестивальде арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, онда […]