Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушыға ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен (діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) айып тағылған. К. «неотәңіршілдікті» ұстана тұра, бір жылға жақын уақыт аралығында «TikTok» әлеуметтік желісінде «стрим» тікелей хабарларын өткізіп, діни алауыздықты қоздыру мақсатында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын […]