Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле жекелей сында Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден финалға шыққан болатын. Жарыс ережесі бойынша, төмен нәтиже көрсеткен спортшылар турнирден шыға бастайды. Александра үшінші мүмкіндіктен соң, жарысты аяқтап, жалпы есепте 6-орынға тұрақтады.