Түркістан облысының тұрғындары өңір басшысы Дархан Сатыбалдыға сауалдарын қойып, өтініштерін ашық айта алады. Облыс әкімінің аудан, қалалардағы жұмыс сапары аясында «Ашық есік күні» өтуде. Кезекті бірыңғай қабылдау Төлеби ауданында жалғасын тапты. Жиынға құқық қорғау органдары мен облыстық басқарма басшылары қатысып, айтылған мәселелерді шешуге атсалысты. Бірінші мамыр ауылының тұрғыны Имантай Шакуов облыс әкімінің қабылдауына шешімін таппай […]