Түркістан облысы мен орталығында тозығы жеткен трансформаторларды қуатын арттыра отырып, жаңартып жатыр. «ОңтүстікЖарықТранзит» серіктестігі 2023 жылға бекіткен инвестбағдарламадағы іс- шараларды кезең-кезеңімен орындауда. Бұл жолы Шой, Шорнақ, ЖБИ мен КООФ қосалқы станциялары жаңарып, нәтижесінде халықты үздіксіз сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету көрсеткіші едәуір артты дейді энергетиктер. Түркістан облысының энергетика саласында бұрын- соңды болмаған жаңашылдық орын алуда. […]