Шымкентте жаңа оқу жылы басталғалы қоғамдық көлікте қатынайтын оқушылардың саны артты. Қалада оқушылардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік бар. Алайда, мамандардың сөзінше, олардың 40 пайызы жол жүру картасын валидаторға баспайтын көрінеді. Ал бұл, өз кезегінде жолаушылар ағынын есептеуге және қоғамдық көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіреді. Шымкентте жаңа оқу жылы басталғалы аялдамаларда оқушылар көбейді. […]