Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды. Оның кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Ал Құрылтай отырысында өткен дауыс беру кезінде 144 депутаттың 137-сі Бектеновті қолдаса, жеті депутат қалыс қалды. ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Маған білдірген жоғары сеніміңіз үшін алғыс айтамын. Мені екінші рет Премьер-министр қызметіне тағайындап отырсыз. Сіз жүзеге асырып жатқан реформалардың нәтижесінде еліміздің дамуында […]