Бүгін Жәмилә Бахтиярқызы өзінің алғашқы кітаптарының тұсаукесеріне шақырып жатыр екен. Әр кітаптың айтар сыры ғана емес, өзгеше тағдыры болатыны белгілі. Жәмилә – тым жас автор. Оның, тіпті сарғайып кітап жазып отыратын мезгілі емес. Балалықтың уайымсыз кезінде «Он жаста орда ойнаған лақтайсың, Он бесте жардан аққан бұлақтайсың»,- деп жыраулар толғағанындай, ойдан гөрі, ойынға, толғаныстан гөрі айнаға […]