Алматы онкология орталығында роботтандырылған дәріхана кешені және дәрілік препараттарды жабық герметикалық жағдайда сұйылту жүйесі енгізілді. Жаңа технология дәрілік заттармен қамтамасыз етудің негізгі кезеңдерін – препараттарды қабылдау мен сақтаудан бастап, оларды сұйылту және пациенттерге беруге дейінгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Кодтардың көмегімен әрбір дәрілік препаратқа жеке цифрлық сәйкестендіру беріледі, ал онымен жасалған әрбір әрекет жүйеде тіркеледі. […]