Түркістан қаласы Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атанды. Осы мәртебеге орай бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалымен өткен аппарат отырысында кеңінен талқыланды. Өңір басшысы облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысына бұл бағытта нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді. Емдік-сауықтыру орындарын орналастыру жоспарын реттеу, су көздерін зерттеу жұмыстарын атқаруды тапсырды. […]