Шымкентте өндірілген тауарлардың географиясы бүгінде Қазақстан аумағымен шектелмейді. Отандық кәсіпорындар өнімдерін шетелдік нарықтарға шығарып, өндірістік қуатын арттырып келеді. Бұл бағытта кәсіпкерлерге қаржылық қолдаумен қатар, экспорттық келісімдерді сақтандыру және сыртқы нарықтағы тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін құралдар ұсынылады. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің (ЭКА «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өңірлердегі жұмысы барысында мұндай мүмкіндіктерді нақты кәсіпорындардың мысалынан көруге болады. […]