Finprom.kz-тің мәліметі бойынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірісі 252,4 мың теңге болған. Бұл 2021 жылға көрсеткіштен 17,7% көп деген сөз. Ресурстың мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтардың жан басына шаққандағы ақшалай кірісі 214,5 мың теңге болған. Бір қызығы 2021 жылдың ақырғы тоқсанында халықтың ақшалай шығыны да 214,5 мың теңге екені тіркелген. […]