Шымкенттік команда футболдан Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанды. «Астана-Аренада» өткен финалда «Ордабасы» «Ақжайық» клубынан 5:4 есебімен басым түсті. Шымкенттіктер футбол кездесуін Әл-Фараби алаңында тікелей эфирде көрді. Матчты қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, басқармалардың басшылары жанкүйерлермен бірге тамашалады. Финал аса тартысты өтті. 7-минутта оралдықтар сапынан Бадоян Завен алғашқы голды салса, 11-минутта Тома Табатадзе есепті еселеді. […]