Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

Ордабасы ауданында 57 елдімекеннің биыл 9-ы табиғи газбен қамтылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Темірлан, Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар, Қажымұқан, Боралдай, Қызылсеңгір, Ықыластемір, Теспе елдімекендеріне газ берілген. Сондай-ақ биыл 24 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Жұмыстар толық аяқталған соң 69 952 тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, қамту көрсеткіші 57,3%-ға артады. Сондай-ақ, инфрақұрылым бойынша аудандағы 57 елдімекеннің 48-і құбырлы ауызсумен қамтылған. Қамту көрсеткіші - 92,4%. Ал электр қуатымен ауданның 99%-ы қамтылған. Аудан көлемінде жалпы автомобиль жолының ұзындығы 1 398,4 шақырымды құрайды. Биыл 1,3 млрд. теңгеге 32,3 шақырымды құрайтын 8 аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен қанағатты жағдайы 71,5%-ға жетеді. Бұдан өзге, 2022 жылдың 9 айында ауданда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 25 мың 723 шаршы метрді құраған. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан Темірлан ауылындағы тұрғын үй иелерімен келісімдер жасалып, аудандық бюджет есебінен 9 тұрғын үй жөндеуден өткен. - Ауданға есепті кезеңде 26 млрд. 251 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 млрд. 955 млн. теңгеге артқандығын көрсетіп отыр. «Бадам» индустриалдық аймағында жалпы құны 21 млрд. 234 млн. теңгені құрайтын 310 жұмыс орнымен 6 жоба орналасқан. Оның ішінде 170 жаңа жұмыс орнымен 4 жоба іске қосылған, - деді Нұрбек Бақтыбайұлы.  Аймақта ауыл шаруашылығы саласында 9 айда 53 млрд 818 млн. теңгенің өнімі өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 446 млн. теңгеге артып отыр. Жалпы ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың 9 айында өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 97,5 млрд. теңгені құраған.  Айта кетейік, бүгінде ауданда өнеркәсіп саласында 40 кәсіпорын бар. Оның ішінде, 3 ірі, 3 орта, 30 шағын, 4 қосалқы кәсіпорын жұмыс істейді. Салада биыл 9 айда 21 млрд. 190 млн. теңгенің өнімі өндірілген.   

Читать источник turkistan.tv
Қазақстан чемпионаты: финалға өткен боксшылар белгілі болды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды