Ордабасы ауданында жаңа мектеп пен зауыт ашылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жеке меншік жаңа мектеп және қыш шығаратын зауыт ашылды. Республика күні қарсыңында іске қосылған зауыт пен білім ошағының ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай қатысты. Өндіріс орнының әлеуетінің зор екенін атап өткен ол инновациялық жобаларға мемлекет тарапынан қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді. Айта кетерлігі, Ордабасы ауданында 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 4-уі жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылдық округінде 9 мектеп бар. Бүгін ол қатарға тағы бір білім ордасы қосылды. Осыған дейін өз мектептеріндегі бүкіл түлек грантқа түскен Өмірхан Қозыбақ Шұбарсу ауылында жеке меншік бастауыш сыныптарға арналған мектеп ашты. Бұл үшін бүкіл облысқа сыйлы Өмірхан ақсақал толықтай өз қаражатын жұмсаған. Десе де, мектеп жетіспеушілігі бүкіл облыс көлеміндегі ең өзекті проблемалардың бірі. Ордабасы ауданынын және атап айтсақ, Шұбарсу ауылын бұл мәселе, өкінішке орай, айналып өтпеді. Сондықтан, облыстық адами әлеуетті даму басқармасы бірінші кезекте, білім ордасына мұқтаж осы елді-мекенге көңіл бөлуде. Тағы бірнеше кәсіпкер жекеменшік, ал билік тарапынан 2000 орындық білім ұяларының құрылысы жүргізіліп жатыр.  Десе де, білім ошақтарын салып жатқан мердігерлерге талап күшейген. Себебі, балаға заманауи талапқа сай білім беру үшін ұстаздардың санаты және мектептің материалдық-техникалық базасы сай болуы керек. Оған қоса, облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев Бадам ауылдық округіндегі индустриалдық аймақтағы бірнеше кәсіпорынның жұмысымен танысты. Мәселен, «Карлскрона» зауыты қара металлдардың көптеген түрлерінен құймалар шығарады. Тіпті, Түркия мен Үндістандағы Атом Электр Станцияларының құрылысына Бадамдық зауыттың өнімдері пайдаланылатын екен. Ал, Грин Технолоджи Индастрис компаниясы қоқыс-қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады. Кейбірінен, тіпті, жіп жасайды. Өнімдерін көршілес Ресей мен Өзбекстанға экспорттайды. Сонымен қатар, Ордабасы ауданының өнеркәсібіндегі маңызды жаңалық – Бөкей автоматтандырылған қыш зауыты ашылды. 60 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорын тәулігіне 100 мың дана қыш шығаруға қауқарлы. Ал, бизнестің жол картасы бағдарламасының аясында небәрі 6 пайызбен қомақты қаржы несие ретінде берілді.  Бұл 3 зауыт бәсекеге қабілетті, заманауи стандарттарға сай болғанымен қатар, үшеуін де бір проблема біріктіреді. Ол Бадам ауылдық округінің индустриалдық аймағындағы инженерлік желілер қуатының аздығы. Дегенмен, жыл соңына дейін бұл мәселе түбегейлі шешілмек. Ауданда үдемелі индустриалдық даму бағдарламасы аясында құны 105 млрд теңге болатын 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар мыңнан астам аудан және облыс тұрғынын жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.  

Читать источник turkistan.tv
Балқаш көліне 4 млрд текше метр артық су жіберілді
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
Аңсар Ниетқалиев Еуропаның үздік теннисшісі атанды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады