Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының әкімі кооператив төрағаларымен және ауылшаруашылығы мамандарымен кездесті. Басқосуда "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы бірқатар мәселені талқылады. Атап айтқанда 2,5 % несие алып, кәсібін бастаған азаматтардың ісін жолға қою қажеттігі айтылды. Айта кетейік өңірде сүтті бағытта қара мал алып, бизнесін бастап жатқан азаматтар жетерлік. Ендігі мақсат шаруаларды жем шөппен тиімді бағада қамтамасыз ету ісін қолға алу.